14.06.2021, 11:52
Оқылды: 120

Теректі ауданындағы 37 мектепте жазғы мектеп жұмыс жасайды

Теректі ауданындағы 37 мектепте жазғы мектеп жұмысы жасайды. Жыл бойы қашықтықтан оқыған 6, 7, 8, 10 сынып оқушыларының оқу кезіндегі жіберілген олқылықтарды жою және оқу материалдарын пысықтау мақсатында қолға алынған жазғы мектеп жұмысы ата-аналар мен оқушылардың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде іске асырылуда.

 жазгы мектеп (1)

Аудан бойынша 6296 оқушы бар. Солардың жартысына жуығы жазғы мектепте білімін толықтыруда. Нақты айтсақ, 2936 оқушы, бастауыш сыныптарда 1146 оқушы, 5-11 сыныптарда 1190 оқушы оқып жатыр.

Бір қуантарлығы, жазғы демалыс кезі екеніне қарамастан, балалар сабаққа белсенді қатысып жүр. Шәкірттерінің сапалы білім алуына мүдделі ұстаздар жазғы мектептің әр күнін пайдалы өткізуге барын салуда. Бесінші тоқсандағы оқу 19 маусым күні аяқталады.

 

 Гүлстан Сатыбалдиева,

 Теректі аудандық білім беру бөлімінің

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале