Теректіде Жаңа жыл мерекесі алдында балақайларды қуантуға асыққан адам көп. Солардың қатарында Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушевте бар.
Бүгін ауданның мәдени-демалыс орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер бөлімі қызметкерлері үй-үйді аралап жүріп, ерекше туылған балаларға аудан әкімі атынан сыйлықтар мен тәтті қоржын таратты.
Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. Ал, мейрамдатқан топқа ілесе барған жергілікті округ әкімдігі қызметкерлері балалардың, жалпы отбасының жай-күйін біліп, көмек қажет етер мәселелерін түйіп алды.
Тап осы жолмен 143 бала аудан әкімі атынан жаңажылдық сыйлық алып, қамқорлықты анық сезінді.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы