30.12.2021, 23:08
Оқылды: 79

Теректі ауданының әкімі балаларды мерекемен құттықтады

Теректіде Жаңа жыл мерекесі алдында балақайларды қуантуға асыққан адам көп. Солардың қатарында Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушевте бар.

7685938A-A78D-4D17-A8C2-F0B09D21A392

Бүгін ауданның мәдени-демалыс орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер бөлімі қызметкерлері үй-үйді аралап жүріп, ерекше туылған балаларға аудан әкімі атынан сыйлықтар мен тәтті қоржын таратты.

3C93F531-B26C-40A7-A051-21E314A1076E

Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. Ал, мейрамдатқан топқа ілесе барған жергілікті округ әкімдігі қызметкерлері балалардың, жалпы отбасының жай-күйін біліп, көмек қажет етер мәселелерін түйіп алды.

Тап осы жолмен 143 бала аудан әкімі атынан жаңажылдық сыйлық алып, қамқорлықты анық сезінді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале