Бөрлілік үздіктер марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік үздіктер марапатталды

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті
25 Қыркүйек 2021

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті

Бөрлілік отбасылар марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік отбасылар марапатталды

Теректі ауданында туристік жарыс өтті
25 Қыркүйек 2021

Теректі ауданында туристік жарыс өтті

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті
25 Қыркүйек 2021

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»
25 Қыркүйек 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Соңғы жаңалықтар
27.05.2021, 18:44
Оқылды: 184
Теректі ауданының әкімі жүлдегерлерді қабылдады

Бүгін Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов мәдениет және спорт саласы бойынша республикалық додаларда топ жарған жерлестерімізді қабылдады.

 кабылдау 111

Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева жүлдегерлерді жеке-жеке таныстырды.

Аудан басшысының қабылдауында болған теректіліктердің қатарында мамыр айының 16-17 жұлдызында Түркістан қаласында өткен ардагерлер арасында самбодан ҚР чемпионатының қос қола жүлдесін жеңіп алған Әлібек Ақнажимов пен Сұңғат Бекқалиев, "Рухани қазына-2021" республикалық онлайн фестивалінде "Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба-2021" аталымында жеңімпаз атанған Эльзира Болатова және Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән байқауының финалдық кезеңіне жолдама алған үлгілі "Өркен" балалар вокалды ансамблінің мүшесі, аудандық саз мектебінің вокал сыныбының оқушысы Санжар Дәукенов бар.

кабылдау 11

Аудан әкімі БҚО мен Теректінің намысын абыроймен қорғаған жүлдегерлерге алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.

- Үлкен додаларда дес бермей, облыс пен аудан абыройын арттырғандарыңыз үшін рақметімді айтамын. Ешкімді бөле жарғым келмейді, бұның бәрі зор жетістік. Ол әрине еңбектің арқасында келеді. Бұйырса, Санжар баламыз Алматы қаласына аттанып, ән байқауында БҚО-ның намысын қорғайды. Сол кезде бәріміз қолдап, оның еш алаңсыз ән айтуына жағдай жасауымыз керек. Алда әлі түрлі сындар мен байқаулар бар. Баршаңызға сәттілік серік болсын! - деді Арман Кәрімұлы өз сөзінде.

кабылдау 1

 Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress