5.05.2025, 20:00
Оқылды: 418

Теректі ауданының бюджеті талқыланды

Теректі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

image-05-05-25-06-28 (1)

Аталған жиынға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен БҚО тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Жапаков қатысты.

image-05-05-25-06-28

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің және Теректі ауданының ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы және жылдық есептерді бекіту туралы аудан әкімі Әлия Биғазықызы баяндама жасады. БҚО тексеру комиссиясының ұсыныстарын орындау жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова баяндама жасаса, БҚО тексеру комиссиясы мүшесінің есебі туралы Қайрат Ғилымұлы баяндады. Бірінші басшылардың бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері баяндап берді.

Т. Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале