17.11.2022, 16:15
Оқылды: 52

«Теректі» облыстық байқауда жүлдегер атанды

Тасқала ауданында БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Тасқала ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйытқы болуымен вокалды-аспапты ансамбльдердің «Әуен – саз» облыстық байқауы өткен болатын.

IMG-20221117-WA0048

Аға буын мен жас музыканттарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, вокалдық-аспаптық музыканы, әлеуметтік-мәдени ортада жанды музыканы кеңінен насихаттау, ансамбльдердің  орындаушылық және шығармашылық деңгейін арттыру, музыканттарға, музыкалық ұжымдарға шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру — байқаудың басты мақсаты.

FB_IMG_1668674833398

Осынау шараға өзге аудандармен қатар біздің де ауданның өнерпаздары қатысып, бақ сынады. Он шақты топ өнер көрсеткен байқаудан «Теректі» вокалды-аспапты ансамблі (жетекшісі Асыланбек Шайхин) жүлделі екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл өнер додасы ауыспалы байқау ретінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мәселен, қай ауданның өнерлі тобы бас жүлдені қанжығаға байласа, сол аудан осы шараны ұйымдастыруды қолға алады. Биылғы байқаудың бас жүлдесін сырымдықтар иеленді. Демек, ендігі «Әуен-саз» Сырымда өтпек.

 Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале