16.04.2020, 19:36
Оқылды: 158

Теректіде 125 мың гектар жерге егіс егу жоспары бар

Теректі ауданына жұмыс сапарымен БҚО әкімі Ғали Есқалиев келді. Өңір басшысына  аудандағы егін алқаптарының жай-күйі туралы аудан әкімі Әділ Жоламанов айтып берді.

F8F79985-B433-48E6-8EA7-7AE5471F54F0

Биылғы жылы ауданда 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша жасалған меморандумға сәйкес 124,4 мың га жерге егіс егу жоспары бекітілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 72,8 мың тонна өнім жиналып алынған. Көктемгі далалық егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға арзандатылған бағамен 2250 тонна жанар-жағармай бөлінді. Аудан шаруашылықтарына 10915,5 тонна тұқым материалдары егіс жұмыстарына дайындалған.

B7DC6BF1-D62A-4091-9437-68B355C12343

Облыс әкімі 2003 жылы негізі қаланған «Тұлпар LTD» ЖШС-нің жұмысын көзбен көрді. Серіктестік басшысы Валерий Голоухов қожалықтың тынысын сипаттап берді. Өсімдік шаруашылығымен айналысатын серіктестік 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Техника жеткілікті. Австрия, Германиядан арнайы әкелінген комбайндар мен егістікке арналған комплекс және өзге де техникалар арқылы жұмыс жолға қойылған. «Тұлпар LTD» ЖШС 1,2,3 репродукциялық тұқым өндірумен айналысып, ауданның шаруашылықтарын 1,2,3 репродукциялық тұқыммен қамтамасыз ететіні тағы бар.

8A8C275D-AD0A-4BB4-8D7F-008BE697BBBC

2020 жылдың өніміне арнап 3724 га жерге күздік дақыл егілген. Ағымдағы жылы серіктестік 3561 га жерге күнбағыс, 390 га жерге жаздық бидай егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда күнбағыс дақылын егу жұмыстары басталып кеткен. 8005 га жерге ылғал жабу жүргізілген.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс барысын көріп, еңбектеніп жүрген жұмысшылармен тілдесті.

 Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале