7.12.2018, 16:26
Оқылды: 25

Теректіде 254 адам жұмысқа орналасты

Теректі аудандық жұмыспен қамту орталығында биыл жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасын жалғастыратын өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды.

jumys

         Бұл қызмет көрсету бұрышы арқылы жыл басынан бері 173 жұмыс беруші бос жұмыс орнын ұсынып, мәлімет салды. 254 адам өздігінен түйіндемесін жіберген екен. Барлығы да жұмысқа орналасқан.

         Осы қызметтің арқасында халыққа қызмет көрсету оңайлады. Енді мекеме-ұйым аралап, түйіндеме тастудың қажеті жоқ.

         Жұмыс іздеп жүрген адам осы жерден жұмыс берушіге түйіндемесін жолдайды және бос жұмыс орындарын қарауға мүмкіндік бар. Өзіне үйлесімді жұмыс тапқандары сол сәтте өз түйіндемелерін мекеме-кәсіпорынға жібере алады. Интернет желісіне шығу мүмкіндігі жоқ мекемелер, жеке кәсіпкерлік, ЖШС, шаруа қожалықтары да өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынуға, қызметкер іздеуге немесе жұмыс іздеуші адамды сұхбаттасуға шақыруна болады. Қызмет көрсету – тегін.

Бақытжан МИТАНОВ,

Теректі ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту орталығының директоры

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале