10.01.2021, 12:59
Оқылды: 15

Теректіде 42 сайлау учаскесі жұмыс үстінде

Теректі ауданында жауапты істің мүлтіксіз атқарылып, заң шеңберінде жүргізілуіне жауапты орган аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі №22 мекенжайындағы «Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына орналасқан.  

 49035419-e9da-45be-ac7a-67cb573e82b1

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау өткізу туралы Жарлық жариялап, сайлау күні белгілегеннен бері тынымсыз қызмет үстіндегі Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Армат Байғазиев: «Аудан бойынша 42 сайлау учаскесі бар. Аудан әкімінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №6 шешімімен аудан аумағындағы сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары бекітіліп, ауданымыздың қоғамдық-саяси «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінде жарияланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Сайлауды заң аясында әділ және таза өткізу үшін қыркүйек айынан бастап комиссия мүшелерін дайындықтан өткіздік.

сайлау (1)

Барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, сайлау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін халаттар, бетперделер, қолғаптар, антисептиктер, қорғаныс экрандармен қамтамасыз етілді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін бетпердесіз, өз қаламын алмай келген келген сайлаушыларға да беру үшін қосымша бетперде, қолғап, қаламдар алынды.

Дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-00 басталды. Кешкі 20-00 дейін сайлау учаскелері ашық болады, - дейді.

Пандемияға байланысты дауыс беретін орындарда биыл ерекше сақтық шаралары қаралған. Сайлау учаскесінде арақашықтықты сақтау шаралары қаралған. Сайлаушылар учаске ішінде бағыттағыш сызба бойымен кіріп, шығып жатыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысына сәйкес, сайлау учаскесіне келген сайлаушының температурасы тексеріледі. Дене температурасы (+370С-тан жоғары) жоғары болған жағдайда ол медицина қызметкерлерінің қарауы немесе жедел жәрдемнің келуін күтуі үшін оқшаулау бөлмесіне орналастырылады. Әзірге аудан бойынша ондай адам анықталған жоқ. Дегенмен, медицина қызметкерлері қызулаған адам анықталса, дереу шара қабылдауға дайын.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале