Теректі ауданының Подстепное ауылдық мәдениет үйінде "Бiрлiк" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен "Əйел – отбасының берекесi" тақырыбында семинар өтті.
Əйелдердiң дiни бiлiмiн арттыру жəне терiс дiни ағымдардан сақтандыру мақсатында ɵткен шараға аудан бойынша қыз-келiншектер, ақ жаулықты əжелер қатысты.
Семинарда дәріскерлер Анар Демеутова мен Арайлым Қадырғалиева ислам дiнiндегi əйелдiң орны, діни сауатты болу, бала тəрбиесi, ер адамды қадiрлеу жайында сөз қозғады.
Семинарға қатысушылар ɵзара пiкiр алмасты. Кɵкейлерiндегi сұрақтарын қойып, жауап алды.
Жиын соңында семинарға қатысушыларға арнайы сертификат пен бiрлестiк атынан естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz