3.04.2020, 0:25
Оқылды: 132

Теректіде алты блокпост жұмыс жасауда

Теректі ауданы аумағында карантиндік режим жарияланып, алты блокпост өз жұмысын бастап кетті.

B35C5C69-806D-45D0-9136-F5508C62CB50

Посттарды аралап шыққан аудан әкімі Әділ Жоламанов төтенше жағдай кезінде жол қатынасының кедергісіз жұмыс жасауы үшін қабылданған шаралардың тәртіпке сай жүзеге асуын қадағалады.

"Федоровка-Ақсай" автожолының Богданов ауылына апарар жолмен қиылысында, Федоров ауылына кіреберісте, "Орал-Подстепный-РФ шекарасы" тас жолының Магистральный ауылына кірер жол қиылысында, "Самара-Шымкент" тас жолының Юбилейный ауылына қарай барар жол қиылысында, "Барбастау-Индер" тас жолының Ақжайық ауылына қарай және "Самара-Шымкент" тас жолының Аңқаты ауылына жеткізер жол қиылысында орналасқан блок-посттар тәулік бойы жұмыс жасауға дайын.

77997146-EB02-4C28-A7EA-8FF605F71EED

Осы жерде қызмет атқаратын мамандар қажетті құралдар, тамақ, жатын орынмен қамтылған.

Әр блоктың ерекшелігіне қарай атқарар істі пысықтаған аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы мамандар мен ішкі істер қызметкерлеріне өз істеріне жауапкершілікпен қарауды баса айтты.

 Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале