6.03.2021, 12:21
Оқылды: 102

Теректіде аудандық мәслихат депутаттары аналарды мерекемен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Теректі аудандық мәслихат депутаттары ҰОС қатысқан әжелерге, көпбалалы, жалғызбасты және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.

20210306_120719

Аудандық мәслихат депутаты Эльмира Өтепбергенова білім саласының ардагері Альфия Абдрахманқызы мен зейнеткер Ольга Сибенаның шаңырағына арнайы барса, тағы бір депутат Шолпан Какижанова мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ана Вера Ажгулованы көктемнің шырайлы мерекесімен құттықтап, анаға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Аудандық мәслихат депутаты Әділет Орынбасаров қазыналы қарт, 91 жастағы кейуана Қоңырша Галиеваның батасын алды.

- Осындай керемет мерекеде біздей ақ жаулықты әжелерді ұмыт қалдырмай, жылы тілектеріңізді қоса алып келіп жатқан депутаттарға алғыс айтамын. Ия, депутаттар әрдайым халықтың ортасында болуы тиіс. Менің тілерім – елдің амандығы, Қазақстанымның өсіп-өркендеуі ғой, айналайындар. Мына аты жаман дерттен арылып, жайма шуақ күндерге қайта оралсақ екен, - дейді Қоңырша әже.

Әрине, жасаған жақсылықты жария қылу емес бұл. Керісінше, халық қалаулыларының елдің ортасында жүруі, бәріміз бас иер аналарға деген құрмет деп түсінгеніміз дұрыс-ақ.

Камелия Өтеу,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале