8.01.2021, 14:47
Оқылды: 18

Теректіде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Теректі» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті

Таяуда «Nur Otan» партиясынан Теректi аудандық мəслихаты депутаттығына үмiткерлер Сержан Идиятов, Әділет Орынбасаров жəне Нұрсəуле Аткеева Федоровка ауылындағы «Теректi» шаруа қожалығының қызметкерлерiмен кездестi.

 136996607_1108936452881490_7277623364027647598_n

Жүздесуде «Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

Кездесуде Сержан Серiкұлы: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуінде Мәжіліс сайлауының 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.

136821826_1108936739548128_2351261911673232717_o

Үндеу жарияланғалы бері барлық саяси партиялар сайлау науқанына дайындықты бастап кетті. Біз де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірістік. Ауданымыздағы 15 ауылдық округте болып, тұрғындармен экспромт-кездесулер, «Кандидат – қонақта» канвассинг іс-шарасын, «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, «Nur Otan» партиясының Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Әр кездесуде жерлестеріміздің сын-ескертпе, өтініштерін жазып алдық. Айтылған мәселелердің шешімін табу жолында жұмыстанамыз. Жалпы, «Nur Otan» партиясының Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағыты жасақталды. Теректіліктердің өмір сүру деңгейін арттыру үшін лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлерді қолдауға ықпал ету; жолдардың сапасының жақсарып, тұрғын үй, таза ауыз сумен қамту бойынша бастаған жұмыстарды жалғастыру; медициналық қызмет көрсету және білім беру сапасын арттырып, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салу; бұқаралық спортты дамытып, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауды қамтамасыз ету; тарих пен мәдениетті дамыту; жастарды жұмыспен қамту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлес қосу, - деп партияның əр жобаны орасан зор жауапкершiлiкпен жүзеге асырып, елiмiздiң дамуына үлес қосып жүрген кəсiпкерлердi қолдайтынын жеткiздi.

136991835_1108936676214801_3983430952686998172_o

Сонымен қатар тɵтенше жағдай кезiнде халықты қолдау мақсатында атқарған жұмыстарына да тоқталды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер, жас та болса, бас болып жүрген «Теректi жаңалығы - Теректинская новь» газетiнiң директор-редакторы Əдiлет Əлiбекұлы мен Теректi аудандық жастармен жұмыс жɵнiндегi ресурстық орталықтың басшысы Нұрсəуле Нұрланқызы партияiшiлiк iрiктеу «Primaries» туралы айтып, партияның жастарға туғызған мүмкiндiгiн тiлге тиек еттi.

Сонымен қатар алдағы 5 жылдың ішінде Теректі ауданында атқарылатын іс-шараларды баяндап, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қожалық қызметкерлері партия мүшелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толық жауап алып, сəттiлiк тiледi.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

 

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық

Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале