6.02.2018, 17:51
Оқылды: 58

Теректіде былтыр 580 адам жұмысқа орналасқан

Теректі ауданында кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны – 1482. Былтыр бұл аудандағы кәсіпкерлер 17 млрд. 637,7 млн. теңгенің жұмысын атқарып, қызмет көрсеткен. Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыпов халық алдындағы есебінде айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

- 188 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерліктің әліппесін үйреніп шықты. Теректі ауданының кәсіпкерлер палатасы «Теректі» колледжі және жеке кәсіпкерлермен бірігіп дуалды оқыту жүйесін жүргізіп келеді.

«Uniserv-Trans» ЖШС, «Таза ауыл» және «Тетенова А.А» жеке кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша банктің несиелік ставкасын субсидиялауға 257,9 млн.теңге несие алды. «Тәуекел» ЖШС 66,0 млн. теңге көлемінде несие алып, Федоровка ауылында автогазқұю станциясының құрылысын бастап кетті,-деді аудан әкімі.

Былтыр жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап 2254 азамат жолықса, 580 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жыл ішінде 5 рет бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 26 жұмыс беруші 34 жұмыс орнын ұсынған.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

terekty (8) Jakupov terekty (3) terekty (4) terekty (5)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале