23.12.2024, 18:15
Оқылды: 10

Теректіде комиссия жиыны өтті

Бүгін Теректі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия мәжілісі өтті.

471201687_1735258333974385_8590244148884255312_n

Жиынға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған екі мәселе де айналып кете алмайтын өзектілікке ие болды.

Нақтырақ айтсақ, бірінші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының жүзеге асырылуы сөз болса, екінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың аудан бойынша орындалуы баяндалды.

Сонымен қатар аталмыш комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту қаралды. Аудан басшысы Әлия Биғазықызы өзекті мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия мәжілісінің қорытындысы мен жауапты мекеме басшыларына тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын тапсырды.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале