Бүгін аудандық мәдениет үйінде қос кәсіби мерекеге байланысты салтанатты шара өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері және Қазақстан полициясы күніне орай, барлық санитарлық-эпидемиологоиялық талаптарды орындаумен ұйымдастырылған жиында Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов құттықтау сөз сөйледі.
Отаны мен халқына адал қызмет етіп жүрген үздік мемлекеттік қызметшілер аудан әкімі қолынан марапат алды. Мемлекеттік қызметшілер Сәкен Идресқалиев, Ағиба Дүйсенбаева, Айбек Ғайноллинге аудан басшысы Арман Кәрімұлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатын табыс етті.
Жаңылсын Нәсіповаға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы жолдаған алғысхат берілді.
«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының алғысхатымен Болат Қадырәлиев, Айнұр Қанатова марапатталды.
Ал аудан әкімінің алғысхатын бір топ мемлекеттік қызметкерлер Назгүл Бисенғалиева, Мейірбек Мәжит, Анна Ширшова, Сауле Бұсырманова, Азамат Ахметов, Наталья Хрокалова, Жанаргүл Биғалиева, Анар Жұмабаева алды.
Марапаттар легі толастамай, полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетумен жалғасты. Альмир Нұрәлиев, Мейрам Айгербеков, Ғалым Шудабаев, Мейірман Аекеев, Руслан Қайыржанов, Дамир Беккаиров, Мейіржан Шамшитден, Жанарбек Зағыпаров, Нұрхат Досқалиев, Нұрлыбек Құспанов сынды мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық тәртіптің сақшылары Қазақстан полициясы күніне орай марапатталды.
Мемлекеттік қызметкерлер қатарын жаңадан толықтырған Аңқаты ауылдық округінің әкімі Асқар Хайрекеев пен Федоровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанна Сұлтанова салтанатты түрде ант қабылдады.
Ауданның көркемөнерпаздары мереке иелері құрметіне арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz