Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, мәдени-демалыс орталығы және туризм мамандарының ұйымдастыруымен қысқы ойындардан жарыс өтті.
Қысқы ойындарды ойнауға үлкен-кіші түгел жиналды.
Қысқы спорт түрлері маусымының ашылуына келген аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров жиналғанды белсенді болып, қыста да спортымен шұғылдануға шақырды.
«Шынықсаң шымыр боласың» деп ұрандатқан балалармен да, ересектер де белсенді демалысқа қатысты.
Аудан орталығында жаңа тоған басына жиналғандар шаңғы, коньки және көңілді эстафета түрлерінен өзара сайысты.
Нәтижесінде шаңғы тебуден Нұрбек Ғаббасов озық атанса, Сұлтан Шыңғысбек мәре сызығын екінші аттады. Ал Данила Хасанова үштікті місе тұтты.
Мұз үстінде сырғанауда Мақсат Ғабдынасырға жетер жан болмады. Жүлделі ІІ орынды Аңсар Серік иемденсе, ІІІ орын иегері Нұрсұлтан Орынбасар атанды.
Көңілді эстафеталық жарыста «Көк бөрілері» тобы орынды І иеленсе, «Бүркіт» тобы І орын, намысты қолдан бермеген «Намыс» тобы ІІІ орын тұғырынан көрінді.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz