5.11.2018, 15:55
Оқылды: 39

Теректіде мемлекеттік бағдарламамен жер телімі берілуде

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың іссапары Шаған ауылдық округінде жалғасты. Әділ Тауфиқұлы Жаңа өмір ауылындағы жер телімдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты.

terekti (2)

- Округте «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдері берілуде. Бүгінгі таңда 738 жер телімінің толық жобалау жоспары жүргізілген. Соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 600 және 4 көп қабатты үй құрылысына жер телімі бөлінді. 2017-2018 жылдар бойы кезекте тұрған адамдарды анықтау жұмыстары қарқын алуда, - деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Исеев.

         Жаңа өмірдегі дәрігерлік амбулатория 2015 жылы пайдалануға берілді. 19 адам адам жұмыс істейді. Нысанның жағдайы жақсы, жылыту маусымына толықтай дайын.

         Дәл осы бағаны Шаған мектебіне қатысты беруге болады. Мектеп 1966 жылы бой көтеріп, 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. 600 балаға 88 мұғалім білім беруде. Аудан әкімі ұстаздар қауымымен тілдесіп, мектеп кітапханасына бас сұқты.

         Шағандықтар да таза ауыз судың игілігін көретін күнді асыға күтуде. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында биыл басталған жұмыс 2019 жылдың  шілде айында аяқталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 339 млн. 360 мың теңге қаражат бөлініп, «Альфастройсервис» ЖШС 790 аулаға таза ауыз су тартуды көздейді.

         Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі Әділ Жоламанов Шаған ауылдық округіндегі қарттармен кездесті. Ауыл ақсақалдары балабақша жоқтығын айтып, тұрғындар балаларын Подстепный ауылындағы балабақшаға апарып жүргендігін атап өтті. Сонымен қатар кездесуде ономастика мәселесі де қозғалды. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале