2.07.2021, 16:14
Оқылды: 91

Теректіде «Мен ауылдың баласы» атты жайдарман фестивалі өтті

Теректі ауданы орталығындағы мәдениет үйінде «Мен ауылдың баласы»  атты жайдарман фестивалі өтті.

 квн

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Қазақстан КТК Одағы» РЖБҚ БҚО филиалы ұйымдастырған шараның мақсаты – ауданаралық «КТК» сайыстарын жандандыру. Демеуші –Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы Ақсерек Әйтімов.

Әзілкештер додасын әйгілі жайдарманшы, «КазИИТУ» құрамасы КТК командасының капитаны Дәурен Ахонов жүргізді.

Қазылар алқасында КТК ардагер ойыншылары «КазИИТУ» білім кешенінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, «КазИИТУ» құрамасының ойыншысы әрі авторы Закир Хамзин, «Жайдарман» республикалық жоғары лига сайыстарының редакторы, автор Қасиет Кәрім, «Назар аудар» театрының актеры Қабдиев Саматпен қатар Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев, «Іс үшін-За дело» ЖҚБ төрағасы Нұрлан Жасұланов болды.

квннн

Әзіл мен көңілді күлкі кернеген кеште Федоровка ауылынан «Фаворит» және «Жасыл ел», Жаңа өмірден «Дубль» командасы, Покатиловтан «Теректі тентектері» командалары бақ сынады.

Арнайы тақырыппен шектелмеген жайдарманшылар еркін көсілді. Өзекті тақырыпты қозғап, көзге түскен командаларға қошемет зор болды. Дегенмен, дайындығы төмен командалар болғаны да рас. Әзіл желісінің көбі анайы өріліп, сахна мәдениеті жеткіліксіздігі көзге ұрып тұрды.

Сонымен, «Мен ауылдың баласы» атты көңілділер мен тапқырлар кешінде ұтымды әзілдерімен басым түскен Покатиловка ауылының «Теректі тентектері» командасы чемпион атанды. ІІ орын «Дубль» командасына бұйырды. «Жасыл ел» командасы ІІІ орынға ілікті.

«Фаворит» құрамасының өнерлі жігіті Мейрамбек Тұрланов «Үздік ойыншы» атанды.

Көңіл көтеріп, өткір мәселелерді де көтерген әзіл кешін тамашалаған көрермендер де, ойыншылар да шара демеушісі Ақсерек Сарыұлына алғыстарын айтты.

 

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале