19.02.2025, 11:00
Оқылды: 290

Теректіде облыс чемпионаты өткізілді

Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінде 2002-2006 ж.т. жастар және 2007-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында гір спорты және қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді.
image-18-02-25-05-18-1
    Оған Батыс Қазақстан облысы гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Ибатов, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының міндетін атқарушы Медет Назаралиев, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Армат Ибраев, Шалқар ауылдық округінің әкімі Шынтемір Тілешжан,  Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінің директоры Болған Ахметова қатысты. Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Ибатов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, қол күресі федерациясы атынан спортқа жанашырлық танытып жүрген бір топ азамттарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
image-18-02-25-05-18-2
  «2016 жылдан бастап оқушыларды дайындап келеміз. Облыс көлемінде бірнеше жетістіктерге жеттік. Бұған дейін Алматы, Тараз қалаларында өткен үлкен додаларда бағымызды сынап қайтқан болатынбыз. Қазіргі таңда аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресінен жаттықтырушы болып қызмет атқарамын. Осы күнге дейін 5 спорт шеберлігіне үміткеріміз бар. Алдағы уақытта да аталмыш спорт түрін дамытып, бірнеше спортшыларды шығарамыз деген ойдамын», - дейді Х.Есенжанов мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жақсыбек Демеуов.
     Жарыс нәтижесінде жастар арасынан сарөмірлік Ернұр Жоламанов мен Ақнұр Жоламанова екінші орыннан көрінсе, жасөспірімдер арасынан сарөмірлік Қамбат Уағап үшінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар подстепноелық Азамат Батыров екінші орын алса, төңкерістік Дильназ Баракова да жүлделі екінші орыннан көрініп ауданның мерейін үстем етті.
К. Серік,
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале