3.07.2024, 19:00
Оқылды: 50

Теректіде оркестр өнер көрсетеді

Теректі ауданы өткен айда ғана дәстүрлі ән өнерімен тебіреніп, Мұхит мұрагерлерінің күміс көмей, жезтаңдай әншілерімен рухқа бөленіп қалған еді. Араға ай салып Теректі төрінде оркестр өнер көрсетпек.

B804D332-7545-44BF-A3EF-3ED3E15F1092

«Атамекен» өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла елге уәдесін беріп, 70 өнерпаздық оркестрмен қайта келетінін айтқан еді. Осы орайда Бауыржан Ергенұлы сертке адал болудың үлгісін көрсетті.

Оркестрді аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин һәм бір топ аудан өнерпазы қарсы алды.

63D1BF22-CC92-4A82-A608-739EA0AE31A1

Ақ жаулықты әжелер бауырсақ, арулар ақ ұсынып, Теректіде ұлттық дәстүрдің қаймағы бұзылмағанын көрсетті. Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Ойна, шырқа, оркестр» атты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақтың халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрінің концерті өтеді.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале