Бүгін Теректі ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың қатысуымен аудан активімен кездесу өтті.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының грек залында өткен жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев, Теректі ауданының әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен түрлі сала өкілдері қатысты.
Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жүргізіп, жиынның негізгі мақсаты – алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру, қоғам өкілдерімен пікір алмасу екенін атап өтті.

Жиын барысында бірқатар спикерлер сөз сөйлеп, референдумның қоғамдық-саяси маңызына тоқталды. Атап айтқанда, Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры, «Amanat» партиясы Теректі ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Арман Рахметоллаұлы Сағидоллин, аудандық мәслихат депутаты, Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Гүлдариға Ғарифоллақызы Амандықова, «Сябры» этномәдени орталығының жетекшісі Мария Матвеевна Плетенная, «Фройншафт» этномәдени орталығының мүшесі Вера Васильевна Медетова және жас ұстаз, жас көшбасшы Әдемі Дарханқызы Жарасова өз ой-пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев сөз сөйлеп, референдумның ел өміріндегі маңызына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

