1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген соңғы қоңырау салтанаты ауданымыздың Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.
Жиынға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелев және ардагер ұстаздар қатысты.
Үздік оқушылар Арсен Мануков пен Виктория Шестоух ту көтеру рәсімін жасады.
Аудан әкімі Әлия Биғазықызы түлектерге жылы лебізін білдірді.
— Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Алдағы үлкен өмір жолдарын ашық, келешектерін жарқын болсын! Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз, - деді.
Мектеп директоры Елена Бердникова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі.
Айта кетейік, биылғы 11-сыныпты 26 түлек аяқтап отыр. Салтанатты жиын барысында түлектердің алғашқы ұстазы Ирина Алимова, ардагер ұстаз Нұрзия Сисенбаева да жүрек жарды тілектерін жолдады.
«Балалықтың соңғы әні, соңғы биі» деп 11-сынып оқушылары мектеп вальсін биледі. «Білім кілтін» іздерінен еріп келе жатқан 10-сынып оқушыларына аманаттау рәсімін өткізіп, соңғы қоңырауды түлектер атынан Мансұр Сұлтанов пен Жанель Сейітова соқты.
Оқу жылын үздікке аяқтаған оқушылар мақтау қағазын алып, шат-шадыман күй кешті.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz