2.04.2024, 23:41
Оқылды: 48

Теректіде су қоймасынан қауіп бар

Теректі ауданындағы қарғын судың әлегі бүгін Ұзынкөл ауылына жетті. Ауыл маңындағы үлкен су қоймасы суға толып кеткен.

image-02-04-24-11-26

1982 жылы салынған үлкен су қоймасының сыйымдылығы – 85 миллион текше метр. Сонша су ауылға қарай лап қойса, оңай болмасы хақ. Сондықтан облыс, аудан басшылығы Ұзынкөл халқын қауіпсіз жерге шығару шараларына кірісті. Кезекпен бақылап жүрген азаматтар "Ұзынкөл су қоймасы суға толды, су жыру қаупі жоғары" деген соң-ақ аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова басшылығымен тұрғындарды эвакуациялау басталды.

InShot_20240402_233854965

Қолының қаруы бар азаматтар су бетін қайтару шараларына қатысамыз деп, ауыл басында қалды. Жастардың көмегімен қариялар, бала-шаға, әйелдер арнайы келген көлікпен Орал қаласына жеткізілді.
Жеті жүзден астам тұрғынды ұйымдасқан түрде эвакуациялау кезінде сабырға шақырып, кеңес берген үлкендердің бірі, Ұзынкөлдің байырғы тұрғыны, еңбек ардагері Әнуарбек Тұрәлиев:
- Қиын кезде "бір жеңнен – қол, бір жағадан бас" шығарып, ауызбірлік танытайық. Қатерден аман-есен өтейік. Ел тыныш болсын, - дейді.

Тамара Жұмат,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале