15.08.2024, 11:30
Оқылды: 159

Теректіде «Тақсай ханшайымы» кесенесінің аумағы абаттандырылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық науқаны Теректі ауданында жалғасын тапты.

30B5FE4E-276D-445A-8084-A16D508DD9AD

Сенбілік Долин ауылдық округі маңында орналасқан «Тақсай ханшайымы» кесенесі аумағында ұйымдастырылды.

Сан ғасырлық тарихы бар алтын ханшайым табылған орынды абаттандыру жұмысына фракция мүшелері, жастар, жергілікті тұрғындар жиналды.

3AD59749-A01A-439A-8DB2-18760D2DB034

Экоакцияға «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев қатысып, «Таза бейсенбі» тұрақты негізде, апта сайын, еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатқанын айтты.

– «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалы да бұл акциядан тыс қалмайды. Тазалық алдымен өзімізден басталуы керек. Бұл акция барлық республика, облыс, ауыл-аудандарды қамтуда. Партия мүшелерінен бөлек туған жерге жанашыр жандар да белсенді қатысуда, - дейді Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Мақсотұлы.

CD0320BD-35F4-4E3A-A7DF-8743554E4F02

Тазалық акциясына қатысқан жастар қайырлы іс жалғасып, жұртшылықты еңбекке, ауызбіршілікке жұмылдырған халықтық жобаға айналса екен дейді.

C8945C5B-D6A7-4B9A-9347-236BD78C3A49

– Бұл туған жеріміздің экожүйесін қалпына келтіруге, тарихи кесенелер мен киелі орындарды абаттандыруға арналған керемет жоба. Бүгін Долин ауылының жастарын осы сенбілікке қатысуға арнайы алып келдім. Осындай қайырымды іске барлық жастар мен тұрғындарды шақырамын. Ауыл бәрімізге ортақ. Сондықтан сол жердің тұрғыны ретінде ауылымыздың тазалығына немқұрайлы қарамай, бағалы жәдігеріміз ханшайым кесенесіне жауапкершілікпен қарауымыз керек, - деді Долин ауылдық жастар жетекшісі Майра Шәріпова.

Жауһар Нұрым

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале