30.01.2019, 15:45
Оқылды: 58

Теректіде тұрғын үй кезегінде 712 адам тұр

Бүгін Теректі ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

 terekrti (1)

         Кеңесте аудан әкімі Әділ Жоламанов 2018 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

         -Өткен жыл еліміз үшін өте маңызды жыл болды. Ақжайығын әспеттеген ұлы жазушы, жерлесіміз Хамза Есенжановтың 110 жылдық мерейтойы аясында мәні мен маңызы бар шаралар өткіздік. 2018 жылға арналған аудан бюджеті өзінің әлеуметтік бағыттағы басымдылығын сақтай отырып, 8 млрд. 555 млн. 118 мың теңгені құрады. Бюджет 99,7% орындалды. Халық үшін маңызды іс – елді мекендерді газдандыру жұмысы табысты іске асуда. Қазір 33 ауылға табиғи газ берілді. Өткен жылдың тамыз айында Богданов, Придорожный, Приречный, Донецк, Алғабас, Сәрсенов және Шөптікөл ауылдарына газ жеткізу басталды. 12 ауылдың жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. 6 ауылды газдандыруды қаржыландыруға өтінім жолданды. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 12 жоба дайындалуа. Ақжайық, Жаңа Өмір, Подстепный, Федоров ауылдарында салынатын сегіз көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобаларына сараптамалардың оң қорытындысы берілді. Тоқпай ауылында бірыңғай сәулеттік стильде  алты пәтерлік 20 тұрғын үй құрылысы бойынша типтік жоба дайындалды. Бүгінгі таңда жалға берілетін тұрғын үйге кезегінде 712 адам тұр, - деді Әділ Тауфиқұлы.

terekrti (2)

         Қоғамдық кеңес төрағасы Ғұсман Қатабаев күші жойылған шешімдер туралы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова «2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту» қаулысы жөнінде баяндама оқыды.

         Отырыста Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадыралиев Ақжайық ауылындағы кейбір көшелердің атауы өзгеретінін жеткізді.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале