5.10.2026, 22:00
Оқылды: 0

Теректіде ұстаздар мерекесі салтанатты түрде атап өтілді

Теректі аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстаздарға арналады әнім…» атты салтанатты іс-шара өтті.

3

Жиында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мереке иелерін құттықтап, білім саласындағы жетістіктерге тоқталды.

Аудан басшысының айтуынша, аудандағы 1353 педагогтің 207-сі – зерттеуші, 349-ы – сарапшы, 471-і – модератор санатындағы мамандар (бұл 76%-ды құрайды). Соңғы 5 жылда «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен – 8, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – 10, «ҚР Білім және ғылым саласына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен – 4, «Еңбек ардагері» медалімен 9 педагог марапатталған.

​Салтанатты шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бірқатар үздік маманға алғысхат табыстады. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасын, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Индира Амертаева білім басқармасының алғысхатын, ал БҚО кәсіподақ комитетінің аудандық филиалының төрайымы Ұлдай Сарсенова салалық кәсіптік одақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыстады.

1

​Мерекелік кеш жас мамандар мен өнерлі жастардың музыкалық-әдеби қойылымына ұласып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

4

Шара соңында 33 жылдық тәжірибесі бар, БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасының иегері, Подстепный мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Жансая Хасанқызы сөз сөйлеп, кештің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өткенін жеткізді.

Қаламқас Аманжолқызы, 

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале