5.10.2018, 16:37
Оқылды: 71

Теректіде Хамза Есенжановтың 110 жылдығы аталып өтілді

Бүгін Теректі ауданында жерлесіміз, жазушы Х.Есенжановтың 110 жылдығына орай мерекелік шара өтті.

IMG_0144

         Атаулы күнде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар кештің өте жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.

         Орталық стадионда әр ауылдық округ халқы ақшаңқай киіз үй тігіп, бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болды.

         Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әнді әуелетіп, көрерменнің көңілін көтерді. Ауданымыздың әр ауылынан келген әжелер ансамблі өнерлерін жұртшылыққа паш етті.

         Мерекелік шарада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де өткен болатын. Стадионға жиылғандар концертті тамашалап, керек азық-түліктерін алды,

         Кезек ұлттық ойындар сайысына да келіп жетті. Салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Қазақша күрес», «Асық ату», «Қой көтеру», «Қол күресі» сынды ұлттық ойындарға қатысушылар қарасы көп болды.

         «Қол күрестен» ІІІ орын Б.Мырзағалиевке (Федоров ауылы), ІІ орын Ә.Ғұбайдуллинге (Ұзынкөл), І орын федоровтық Н.Қыстаубаевқа бұйырды.

         Күрес өнерінде подстепныйлық Мұрат Баубеков «Түйе палуан» атағын жеңіп алды.

         51 рет қой көтерген Бақытжан Қойланов «Қой көтеруден» жеңімпаз атанып, көтерген қойын қанжығасына байлады.

         «Асық атудан» І орынды Ө.Мүбарак (Федоров) иеленсе, ІІ орын Т.Самиғоллаға (Федоров) бұйырды. Ал Ақсоғым ауылының тұрғыны Т.Қалиев ІІІ орынға ие болды.

         Жазушының құрметіне орай ұйымдастырылған шараны тамашалаған теректіліктер қуанышты көңіл күймен үйді-үйіне тарқасты.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

43163733_311981196297906_2909649122506047488_o IMG_0167 IMG_0175

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале