25.11.2024, 14:30
Оқылды: 7

Теректіде жаңа жоба бастау алды

Теректі кеші бұрын-соңды болмаған жобамен жарқырап, жанымызды тербей түсті.
IMG_7875
Көрермен мен рухани азық алуға келген ағайын мұнымызды жоққа шығармас. Жанға жайлы ән тыңдап, жұмыстан кейінгі уақытты ұтымды өткізген жұртшылық... Жанды дауыста шырқалған әуезді әндер... Аспаптарда сүйемелдеу... Бәрі жарасқан көрініс! Бұл суреттеулерден оқырман қауым «соншалықты қандай кеш өтті?» деуі мүмкін.

Тарқатып
айтсақ, аудандық мәдени-демалыс орталығының жас өнерпаздары мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастары бірлесе «Qalaiyq» музыкалық жобасы аясында алғашқы камералық кешін өткізді.

Ауданда мұндай кештер тұңғыш рет өтіп тұрған соң ба, «Теректі» демалыс кешеніне кіре сала жобаның атмосферасы айқын сезілді. Көз тартар
безендірулер мен жарықтың қойылуының өзі ерекше әсер сыйлады. Кештің бас ұйымдастырушылары Данияр Рақымғали мен Альбина Мейрамбай қонақтарды қарсы алудан бастап, барлығын сәтті ұйымдастырған. Әрине, өздері алғашында қобалжып тұрды. Жауапкершілікті сезінгендері шығар бұл.

IMG_7491
Тың жоба Бақытгүл Қабашева мен Мейрамбек Қуандықтың орындауындағы «Ән әлемі» әнімен басталды. Кейін жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың оператор маманы Алтынбек Қайырғалиев «Сағынамын» әнін орындады. Бұл көпшілік үшін айрықша жаңалық болды.
Өйткені қарапайым мобилогрофтың сахнадан көрінуі, бойындағы қабілетін көрсетіп, ән салуы жастардың ауызбіршілігін көрсетеді. Осындай өнерпаздар бой көрсеткен кеш аудандағы жайдарманды төрге сүйреуші Дастан Төлегеннің «Stand up»-імен жалғасын тапты. Ол өз әзілдерімен аудандағы өзекті мәселелерді қаузап, түйткілдерді түйреп өтті. Мысалы, жастарға деген
қолдауды, ауыз суға қатысты шешілмей жатқан жайтттарды баяндап берді.
IMG_7616
Көрермен еріксіз жымиып, жас әзілкештің тапқырлығына риза болды. Содан соң қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мирас Исламов ағылшын тілінде ән шырқап, сүйсіндірді. Ағылшын тілінің пәні мұғалімі Динара Рақымғали болса, Шәмші Қалдаяқовтың әнін шырқап, өнерде шектеу жоқтығын дәлелдей білді. Аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Ерасыл Әлібекұлы да өнерде шоқтығын биігін көрсетті. Себебі ол бұған дейін жай ғана дыбыс қоюымен дәлелденсе, осы кеште өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Мәдениет үйінінің құрамына жаңадан қосылған Руслан Хайрушевтің орындауындағы «Менің жолым» әні ән өнерінде жүрген жастарға қолдау сыйлады. Жеткізуі мен сахнада өзін-өзі ұстауы
мәдениеттің нақ үлгісі.
Соңында «Теректі» демалыс кешенінің басшысы Сержан Идиятов мырза жастарға алғысын жаудырып, орталықтың есігін әрдайым ашық екендігін жеткізді. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев алтын уақтын бөліп келген ағайынға алғысын айтып, осы мазмұндас жобалар жалғаса беретінін, қолдауға ниетті екенін білдірді.
Айта кету керек, бұл кешке аудандық мәдени-
демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы Әділет Орынбасаров қатысты. Сондай-ақ кеш соңында «Ашық микрафон» айдары өтіп, көрермендер өз қалаулары бойынша ән салды. Тіпті қаладан келген қонақтар үстел үстіндегі мотивациялық сөздер жазылған картиналарға тәнті болды.
IMG_7667

– Өнердің
әр бұрышын ұштастыратын талантты жастардың басын біріктіріп, құрылған шағын орта өз аудиториясымен өнердің әр кірпішін қалап, әр сатысын бірге бағындыруға асығайық! Кештің мақсаты – ауыл жастарын, үлкендерін өнер көрермені болуға, 5 күндік қарбалас уақыттан тынықтырып, жан мен тәнге қатар жылы, таза дем беру. Қалайық – қалау мен біріктіру. Өнердің әр бұрышын ұштастыратын талантты жастардың басын қосып, қалыптастырылған шағын орта өнердің әр сатысын бірге бағындыруға дайынбыз. Ендеше өнерді сүйетін, өнерді сүйетін жастарды сүйетін көрермендермен өнердің әр кірпішін бірге қалайық, - дейді жобаның негізін қалаушы Данияр Рақымғалиұлы.Жобаны әрмен қарай жалғасын табады. Бұл жолы ән бағыты болса, келесі кезекте поэзиямен рухани ләззат сыйламақ екен. Жастардың бұл бастамасына тек қуана қараймыз. Қолдайтын орталық басшысы, облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов барда әлі талай қауышамыз!
Көрермендер аппақ тілегін, жаңа аптаға серпін алғандарын айтып, тарқасты.
Ақтілек Орынбасар
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале