15.05.2017, 10:29
Оқылды: 45

Теректіде жанармай құю бекеті қайта іске қосылды

terekti beket  «Petrol» жанар-жағармай бекетінің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұқаев, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.


   Құттықтау сөзінде аудан басшысы Мұрат Рахметұлы мерейлі күнде халықтың игілігіне жарайтын ғимаратқа жан бітірген аталмыш бекеттің басшысы Елубек Дүсенов пен оның ұжымына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

   «Мұнай PROM» ЖШС-нің басшысы Елубек Ескендірұлының айтуынша, нысанды іске қосу үшін 50 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Кәсіпкер алдағы уақытта екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жерлестерін жұмыспен қамтып, халықтың алғысына бөленбекші.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале