Бүгін Теректі ауданында 2025 жылды қарсы алуға арналған ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, бүлдіршіндерді құттықтады.

Аудан көлемінде түрлі жетістіктерге жеткен оқуозаттары, белсенді оқушылар жиналған жаңажылдық кеш оларға ұмытылмастай әсер сыйлады деп айтуға әбден болады.
Өйткені балалардың көңілін сергіткен ұлу, қоян, хаги-ваги, Эми Роуз, тасбақа, Аяз ата мен Ақшақар және тағы да басқа кейіпкерлер қызықты ойындаройнатып, ән салып, би биледі.

Әлия Биғазықызы оқушылардың деніне саулық тілеп, мерекемен құттықтады. Әрмен қарай бүлдіршіндер Аяз атаға өнерлерін көрсетіп, сыйлық алды.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы