14.12.2023, 23:00
Оқылды: 6

Теректіде "Жыл үздігі – 2023" жастар сыйлығы табысталды

Жыл сайынғы дәстүр бойынша ауданымызда «Жыл үздігі – 2023» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

жыл уздик 1

Жастар – еліміздің қозғаушы күші, бүгіні, ертеңі және болашағы. Ал Теректінің жастары әр салада жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Жастар сыйлығын табыстап, құттықтау сөз сөйлеген Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан жастарына үлкен сенім білдіретінін айтты.

- Жастарымыз белсенділігімен қоғамға өздерін танытып жүр. Жыл сайын олардың жеткен жетістігін көріп жүрміз. Барлығыңыз мықтысыздар. Бірақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, ең үздігін анықтаймыз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, жұмыстарыңыз жемісті болсын,-деді аудан басшысы.

жыл уздик

Жастар арасында белсенділік танытып жүрген «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің тілшісі Балнұр Қанаева, балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Еламан Зейнуллин, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Пакизат Төлендиева, Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстазы Андрей Стребков, білім беру бөлімінің әдіскері Нұрперзент Бөлебай аудан әкімінің Алғысхатын еншілеп, мерейлері артты.

Көпшілік тағатсыздана күткен «Үздік дәрігер» аталымын аудандық ауруханасынын дәрігері Иван Хохлачев, «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясын Айбек Әбілқалым, «Үздік төтенше жағдай қызметкері» аталымын Дидар Баяшев, «Үздік спортшы» аталымын ұзынкөлдік Айару Аманғали жеңіп алды.

жыл уздик 2

«Үздік ұстаз» атанған Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Замир Қабиевті, «Үздік мәдениет қызметкері» болған ақжайықтық Ислам Мұратты, «Үздік ауыл шаруашылығы маманы» номинациясын жеңіп алған Саламат Демеутовті, «Үздік кәсіпкер» болған Подстепный ауылдық округі белсендісі Жұмагүл Хайнешованы, «Үздік полиция қызметкері» болған теректілік Руслан Жексеновті, «Үздік волонтер» аталым иегері Федоровка жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабина Сәрсенованы облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер, жерлесіміз Сержан Идиятов марапаттады.

жыл уздик 3

Айта кеткен жөн, биылғы жастар сыйлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Арнайы фуршет дайындалып, облысқа танымал «Көк бөрі» триосы рух көтерер әндерін шырқаса, жастар арасында танымал "ASL.wav & Kesha" атауымен танылған дуэт Теректі төрінде әуелете әнге салды. Осындай жоғары деңгейдегі шараны ұйымдастырған "Іс үшін – За дело" ЖҚБ және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымының еңбектерін ерекше атап өткен абзал.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале