16.08.2024, 17:30
Оқылды: 281

Теректідегі қос ауылда үш қабатты көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – баспана екені әмбеге аян. Дана халқымыз «Үйің болмай, күйің болмас» деп бекер айтпаса керек-ті.

9084CFF8-9A84-49EA-96E6-540FDE21E2E8

«Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дегенді де айтқан біздің халық. Баспанаға ие болу әр пенденің асқақ арманы. Кім де болса шаңырағы биік, іргесі берік өз үйі болғанын қалайды емес пе?! Елімізде жылдар бойы жалдамалы пәтер жағалап, баспана тауқыметін тартып жүрген мұқтаж жандар жетерлік.

Қолдың қысқалығы мен қалтаның жұқалығы қашан да адамға жақсы өмір сүруге кедергі келтіретіні тағы рас.  

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1 160 адам бар екен. Соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында 865 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

99ADFB21-7047-4DBA-BEA3-83A6F7EFBD77

– Қазіргі уақытта екі пәтерлі 5 тұрғын үй салынуда, барлығы 10 пәтер. Сатып алынатын тұрғын үй құрылысы бес ауылда, яғни Ақжайық, Аңқаты, Ақсуат, Богданов, Долин ауылдарында жүргізілуде. Әр үйдің көлемі 80 шаршы метр. Сонымен қатар ауданымызда жалға берілетін көппәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Айталық, Подстепныйда – 2 үй, Теректіде  – 2 үй, Ақжайықта  –1 үй. Жобалардың жалпы кұны – 2,3 млрд теңге. Аталмыш тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталған соң халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 130 адам тұрғын үймен қамтылады. Сондай-ақ, Тоқпай ауылынан 20 көппәтерлітұрғын үй құрылысы тәмәмдалды, - деген аудан басшысы тұрғындардың жеке тұрғын үй салу қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатқанын тілге тиек қылды.  

3F2B5336-070C-463F-9F8C-7AFFADE57915

Тұрғын үй салу үшін жер учаскесіне кезекте тұрғандар саны 14 548 адам екенін айта кеткен жөн.

Басыбайлы баспанасы болғанын қаламайтындар жоқ шығар, сірә? Алайда толғауы тоқсан тіршілікте тұрғын үйге қолы жетпей жүргендер бар.

Осындай мәселердің шешімін табу мақсатында бірқатар жұмыстар да қолға алынуда. Тінін тарқатсақ, Подстепный және Теректі ауылдарындағы 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысына «жан бітіп», бүгінгі таңда қызу жүріп жатыр.

4B099A28-3515-4E81-B3CB-F918B2AA953A

Подстепный ауылындағы үйдің құрылысына мердігер «Ars building» ЖШС ұжымы білек сыбана кірісіп, жұмыстарын істеп жатыр.

Ал аудан орталығы Теректі ауылындағы баспана салу шаруаларын мердігер «Фирма ИСКОМ» ЖШС ұжымы атқаруда. Қоныстой қуанышы келер жылы, яғни 2025 жылы болмақ.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале