28.02.2020, 11:12
Оқылды: 134

«Теректідегі тебіреністе»  медиахолдинг басшысы қонақта болды

 

Ақжайық мектебінде «Теректідегі тебіреніс» жобасы жалғасын тапты. Жоба қонағы «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директоры, журналист, жерлесіміз Рауан Сәбитов болды.

tebrenis (4)

Алдымен мектептің фойесінде фотокөрме ұйымдастырылып, оқушылар Абайдың өлеңдерін оқыды. Одан әрі жоба қонағы мектеп мұражайын, IT класы мен өзінің оқыған сыныбын аралады. Арасында балалар тарапынан қойылған  туған жері, өскен ортасы, білім алған алтын ұясы мен оқыған кітаптары жайлы сұрақтарға жауап берді.

tebrenis (2)

Рауан Сәбитұлы «Журналистика» курсы мен шеберлік сыныптары, әлеуметтік желінің қолданылуы, әке мен ана рөлі төңірегінде сөз қозғады. Кездесуде сондай-ақ мамандық таңдау, кітап оқу мәдениеті, ақпаратты сауатты тұтыну, білім алудың маңыздылығы, тұлғалық даму мен өзін-өзі жетілдіру, т.б. тақырыптар аясында әңгіме өрбіді.

tebrenis (3)

Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Қанатова А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның өлеңін оқып, эстафетаны Рауан Сәбитұлына жолдады. Ал Дильназ Исмагулова Ғ.Құрманғалиевтің термесін төгілдірсе, Жібек Қапезова мен Сабина Мұратова Абайдың  «Көзімнің қарасы»  әнін үш тілде орындады.

Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Жаннұр Ахметов  Р.Сәбитовке аудан әкімінің ыстық сәлемін жеткізіп, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова және Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Шолпан Какижанова жоба қонағына алғысхат  пен естелік сыйлық табыс етті.

«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы жобаны ұйымдастырған Теректі аудандық балалар шығармашылық үйіне алғысын білдіріп, белсенді оқушыларға Қуаныш Шоңбайдың «Екінші болма»  кітабын сыйға тартты.

Үміткер ОРЫНҒАЛИЕВ,

аудандық балалар шығармашылық үйінің әдіскері

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале