18.03.2022, 10:20
Оқылды: 40

Теректіден жеткен сәлемдеме

Теректі ауданында Көрісу күні басталған мерекелік шаралар легі Ұлыстың ұлы күніне дейін жалғаспақшы. Осы күндері жасы үлкеннің көңілін аулап, мұқтажға көмек беру ұлттық санамызда жатталған.

8A246F0D-8188-462D-9DC8-EB4917E432EA

Мейірімділік пен адамгершілік салтанат құратын мереке қарсаңында Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барған теректіліктер осы мекемеде тұрып жатқан жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Теректіден келген үлкен топ осы жердегі қамқорланушыларға Наурыз дәмін жайды.

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев жолдаған сәлемдемені аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Арайлым Тасенова бастаған топ жеткізді. Қамкөңіл жандарға әнмен мерекелік леп сыйлап, жерлестеріне тәтті-дәмді толған қоржындарын ала келді.

9C492E06-EEDF-4461-BD59-98EA46D0FEC2

Қызыл бауырсақ, тәтті толған табақтардан уыстап алған олар ақтан ауыз тиіп, «Берекелі жыл болсын» деп жатты.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале