5.06.2026, 16:45
Оқылды: 24

Теректілік ардагер ұстаз мемлекеттік марапатқа ие болды

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында өткен салтанатты шарада Теректі ауданы үшін қуанышты жаңалық орын алды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысқан мерекелік жиында Теректі ауданының мақтанышы, Новопавловка ауылының ардагер ұстазы Лейлә Ахметова жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.

713564270_18222199903316896_7767050010443963512_n

     "Лейлә Хабделхановна Новопавлов жалпы орта білім беретін мектебінде 40 жыл бойы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, бірнеше буын шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие берді. Ұстаздық жолындағы адал еңбегі, білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – тек бір ұстаздың ғана емес, бүкіл Теректі ауданының мерейі мен мақтанышы" дейді Теректі ауданының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

"Жайық Пресс" 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале