ҚР Конституциясы күні қарсаңында облыс орталығында футболдан Орал қаласы әкімінің кубогіне арналған ашық турнир өтті. Аталмыш доп додасына теректілік балғын футболшылар да қатысып, тым жақсы нәтиже көрсетті.
Турнирді Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Теректі ауданының 2004-2006 жылы дүниеге келген футболшылары өз топтарында қарсылас шақ келтірмей, финалдық кезеңге дейін сүрінбей жетеді. Өкінішке орай, финалда сүрінген теректіліктер турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды. Жекелей аталымдар бойынша Диас Каримов Орал қаласы әкімінің кубогіне арналған ашық турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.
Осы орайда теректілік футболшыларды осындай ірі жарыстарға дайындап жүрген жас маман Азамат Ибатовтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жуырда ғана Азамат бастаған теңбілдоп шеберлері облыстық додада жеңіске жеткенін жарыса жазған болатынбыз. Теректінің спортын, соның ішінде футболды жоғары деңгейге көтерген Азаматты нағыз азамат деуге болады. Балғын футболшылардың да, олардың ата-аналарының да жас маманға айтар алғыстары шексіз.
Әділет Әлібекұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz