Далалық жұмыстарды сәуір айында бастаған теректілік дихандар 95,5 мың гектар жерде ылғал жабуды толық аяқтады. Қазіргі таңда дихандар жазғы дақылдарды себу қамына кірісті.
Биыл жоспар бойынша 36,30 мың гектарға жаздық дәнді дақыл салынады екен. Соның 8,0 мың гектары – жаздық бидай. 27 мың гектар жерге арпа, 0,8 – сұлы, 0,5 гектар жерге тары салу жоспарланған. 17,50 мың гектар жерге майлы дақылдар, оның ішінде 10,0 мың гектар жерге – күнбағыс, 7,0 мың гектарға мақсары салынады. 14,8 мың гектар жерге мал азығына қажет шөп түрлері себіліп, 0,37 мың гектар жерге картофель, 0,56 мың гектарға көкөністер салу көзделген.
Шаруашылықтар жаздық дақылдар салуды 51% орындап тастапты. Майлы дақылдар алаңының 13,73 гектарына дән түскен.
Мамыр басталсымен күрт ысыған ауа райын қолайлы көрген бақша-көкөніс, картофель өсірушілер де іске кірісті.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress