6.12.2021, 10:30
Оқылды: 56

Теректілік іскер әйелдер марапатталды

Биыл Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осынау мерейтойға орай, әрі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Еңбегі жанған арулар» атты форумның салтанатты шарасы өткен еді.

14

Форумға ҚР сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әйтімова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е. Тарасенко, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Бақтыгереева және БҚО-ның бетке ұстар арулары да куә болды.

Шара барысында кәсіптерін дөңгелетіп, облысымыздың өркендеуіне үлесін қосып жүрген бір топ жандар алғысқа бөленді. Олардың қатарында  теректілік жандардың болғаны біз үшін зор мәртебе. Айталық, кәсіпкерлер — Анар Қайрекенова «Қайсар ана», Майра Исенова «Жүректен жүрекке» аталымдарына ие болды. Марапат иелері БҚО әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов,  БҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ж. Төремұратованың атынан марапат алғанын айта кеткен жөн.

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале