1.06.2024, 10:30
Оқылды: 97

Теректілік кәсіпкер ауыл тұрғындарына 300 балапанды тегін үлестірді

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек» демекші, Теректі ауданында ірілі-ұсақты шаруасын дөңгелеткен кәсіпкерлер де бар.

InShot_20240531_174652773

Кең жүректі, қолы ашықтардың жөні бір бөлек қой, шіркін. «Жоқ кезінде елу теңгемен елді жарылқамайтын адам тасыған шағында жүз теңге де бере алмайды» деуші еді ғой үлкен кісілер. Осындай нақылдарын яки ақылдарын айта отырып, жомарт болуға тәрбиелеп жатқандарын ешкім ұғып өспеді. Бұл қанымызға сіңіп, өмірдегі әдетімізге айналып кетеді екен. Долин ауылдық округінде құс шаруашылығына бет бұрған «Исмайлов» шаруа қожалығы 2023 жылы ауыл тұрғындарының аз қамтылған отбасыларына кеңдік көрсетіп, 500 балапанды тегін үлестірген еді. Биыл да осы дәстүрден жаңылмай, инкубатордан алып шыққан алғашқы балапандарынан 300 балапанды ауыл тұрғындарына тарту етті. Долиндік кәсіпкердің еңбексүйгіштігі мен дархандығына разы болған аталған ауылдың әкімі Талғат Манатауов:

- Ауылымыздың шетінде Постепный-Ресей Федерациясы шекарасының тасжолы бойында орналасқан ғимаратты жалға алып, өз шаруашылығының өнімдерін сататын орын ашуда.Ауыл тұрғындарының әр түрлі жеке кәсіп ашып жатқаны көңіл қуантады. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары бау-бақша өнімдерін «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алып жылыжайда шығарып, дүкен сөрелеріне жеткізіп жатыр. Алдағы уақытта осындай кәсіп түрлерімен айналысқан кәсіпкерлерге жетістіктер тілейміз және демеушілік көрсетуші кәсіпкеріміз Ержан Исмайловқа алғыс айтамын,- деді өз сөзінде.

«Жомарт бергенін айтпас» дейді ғой. Дегенмен кәсіпкердің бұл ісін үлгі ету керекпіз. Өзіне ғана емес жерлестеріне болсын дейтін береген қолды кәсіпкердің алдағы жоспары жан жадыратады.

Ақтілек Орынбасар,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале