23.10.2024, 22:30
Оқылды: 67

Теректілік Мадина Жанбота облыстық жыр байқауында бас жүлде иеленді

Суырып салма ақын, жыршы Көшелек Еламанұлының 150 жылдығына арналған оқушылар арасындағы «Менің атым – Көшелек, сөз сөйлеймін еселеп» облыстық жыр байқауында озық шығып, айрықша талантын елге паш ете білген теректілік қаракөз Мадина Жанбота бас жүлдені қанжығасына байлады. 

IMG-20241023-WA0063

Жетекшісі Дәурен Жұмағалиевтің еңбегін атап өтпесе болмас. Осы тұста Теректі ауданында қазақтың әніне, жырына құмар өскелең ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале