16 мамыр күні санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтаумен Орал қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарыс өтті.

Аталмыш шараға БҚО «Ұшқын» желаяқтар клубының әуесқойлары арасында жүгіруден 60-қа жуық спортшы қатысты. Жарыста Теректі аудандық спорт мектебінің спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жүлдемен оралды.

Атап айтатын болсақ, жас ерекшеліктер бойынша13-15 жас ерекшелігі ұлдар арасында (3 шақырым) Төре Донеділ І орынға, 15-17 жас ерекшелігі бойынша қыздар арасында (2 шақырым) Алина Гүлбашева ІІ орынға, Шынар Амангельдиева ІІІ орынға, 12-14 жас ерекшелігі бойынша ұлдар арасында (400 метр) Алихан Бекқодиев І орынға ие болды.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
Теректі ауданы