Халықаралық жастар күніне орай Орал қаласында «JAIYQ JASTARY – 2024» фестивалі өтіп жатыр.
Түрлі жанрды қамтитын ауқымды шара аясында теректілік жастар да белсенділік танытты. Мәселен, бүгін «Терме» аталымы бойынша қатысқан Темірлан Әкімжанов жүлделі ІІ орынды (30 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық) қанжығасына байлады.
— Бүгінгі таңда Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде 4 курс студентімін. Мамандығым дәстүрлі музыкалық өнер, соның ішінде халық әні бағыты бойынша білім алып жатырмын. Аталмыш сайыста «Нұрым» термесін орындадым, - дейді жас дарын.
Жауһар Нұрым
Теректі ауданы