Жылдамдық пен икемділікті қажет ететін спортты серік еткен теректіліктердің бағы мен бабы қатар шапты.
Нақтырақ айтсақ, Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылында волейболдан қыздар және әйелдер арасында өткен аудандық ашық турнирінде жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында өткен додаға өңіріміздің тәжірибелі нәзік жандары жиналып, өзара бақ сынаған.
Жеті команданының ішінде алға озған «Теректі 1» құрамасының ойыншысы Сабина Бұланаева «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы