«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген. Ұлттық болмыс-тәрбиемізде үлкенге ізет етіп, белі бүгілгенге қамқорлық танытуға бейім халқымыз қарияларға құрметін күн сайын білдіргенмен, осы 1 қазан күні ерекше сый-сияпат жасайды.
Сол жолды ұстанған Теректі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бүгін азық-түлік, шайға тістер тәттісін толтырып, Роза Хабиқызының үйіне арнайы барды.
Федоров ауылының байырғы тұрғыны, 87 жастағы Роза Хабиқызы балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұстас келіп, қиыншылық көріп өскен жан. Қаршадайынан еңбекке араласқан ол кісі – тыл ардагері.
Көргені мен түйгені көп қария мерекемен құттықтай келген бөлім қызметкерлерін жылы қарсылады. Басынан өткен жылдары жайлы айтып, әңгімелескен Роза әжей «Еңбектерің жемісті болсын!» - деп ақ батасын берді.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz