Теректі ауданының Теректі ауылындағы Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы санатты, бастауыш сынып мұғалімі Айнагүл Сұлтанова жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табысы үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Педагогтік салада 30 жылға жуық еңбек өтілі бар білікті ұстаз Айнагүл Байғалиқызы — өз оқу ордасының мақтанышы.
— «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырған байқауы болатын. Аталмыш шараның ережесі бойынша «Жаңа Қазақстан — жаңашыл педагог» тақырыбында эссе жаздым. Сайып келгенде, жеңімпаздар қатарынан табылып, жүлдеге іліндім, — дейді марапат иесі.
Самал Жамет
Теректі ауданы
zhaikpress.kz