22.07.2020, 17:38
Оқылды: 16

Теректілік жанұя байқау жүлдегері атанды

Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы аясында «Ұлы дала дәстүрі» облыстық онлайн викториналық сайысы жүлдегерлерін анықтады.

11A6FDCA-3540-47D9-B137-BE427BBC5602

Викториналық сайысқа қатысып, жүлделі І орынды иеленген Теректі ауданының Ақжайық ауылынан қатысқан Жұмағалиевтер отбасы көш бастап тұр.

Сайысқа қатысқан отағасы Сәбит Жұмағалиев пен ақ жаулықты ана Ғазиза Рахметова және немересі Айша Тілекқабыл сайыс ережесі бойынша жолданған сауалдарға жауап беріп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сақтаған өнегелі де өнерлі отбасы екендіктерін таныта білді.

Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту, ұлттық рухты, патриотизмді дәріптейтін салт-дәстүрлерді насихаттау, жалпыхалықтық рухани құндылықтарды дамыту мақсатында өткен байқау барысында берілген тапсырмалар Kahoot, Quizzis, Quizlet, Gooqle classroom палатформалары негізінде орындалды.

- Сайыс барысында жолданған сауалдар бойынша оңтүстік өңірлердегі салт-дәстүрлерге байланысты тапсырмалар да кездесті. Сайыс алды пайдаланып, оқыған кітаптарымыздың көмегі тиді.

25 сұрақ болды. Барлығына да толыққанды жауап бердік. Уақыт есептелінді. Бір сұраққа 45 секунд берілді.

Бұл байқаудың немере жиеніміз Айша үшін берері көп болды, - дейді байқау жеңімпазы, теректілік Ғазиза апай.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале