Жақында «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің іріктеу кезеңі өтіп, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Өңір мықтылары жиналған додада теректіліктер де есе жібермеді.
Дәстүрлі ән орындау бағытында Долин ауылының өнерпазы Манас Нығмет топжарса, эстрадалық вокалдық топ бойынша үлгілі «Өркен» ансамблі жеңіс тұғырынан көрінді.
Сонымен қатар Подстепный ауылдық окуругінің «Сұлу» би ансамблі дипломант атанды.
Үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан жас дарындар жетекшілерінің үмітін ақтады деуге болады.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы