Подстепныйлық жас шабандоз Саянның есім-сойы теректіліктерге жақсы таныс. Сегіз жасынан бастап атқа отырып, тоғыз жасында бәйгеге шапқан Саян Айболат хақында сан мәрте сүйіншілеп хабар жеткізген едік. Енді, міне тағы да ақжолтай жаңалық жетті.
Тінін тарқатсақ, Атырау облысындағы Мақат ауданының құрылғанына биыл – 100 жыл толды. Осы орайда ұйымдастырылған аламан, құнан және тай жарысқа сәйгүліктерін сынауға елдің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық шабандоз келген екен.
Олардың қатарында біздің Саян батыр да бар. Сайып келгенде ол құнан бәйгеде топ жарып, жүлделі бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ мотоцикл ұтып алды.
Самал Жамет
Теректі ауданы