6.10.2024, 14:08
Оқылды: 125

Теректілік жастар қапы қалмайды

Ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі кім десеңіздер, ол әрине жастар. Олардың парызы – үміт пен сенімді ақтау. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім.

IMG-20241006-WA0154

Мағжан сенген жастар бүгінгі референдумға өздерінше үн қосты. Нақтырақ айтсақ, әр ауылдық округтердегі жастар түрлі қызықты сайыстар ұйымдастыруда. Тарқатсақ, Покатилов ауылының жастар жетекшісі Армат Бисенғалиев үстел теннисінен жарыс, Ақжайық ауылының жастары тапқырлар ойынын өткізді.

IMG-20241006-WA0156

Олар ойын ойнап қоймады. Кәмелеттік жасқа толған әр жас буын референдумға үн қосқаны жөн екенін жарыса айтып, өзара пікір алмасты.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале